АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.55764/c2khpb44Кілт сөздер:
Астана қаласының азық-түлік белдеуі, Ақмола облысы, демографиялық алғышарттар, халық саны, урбандалу, ауыл халқы, көші-қон, аумақтық жоспарлау.Аңдатпа
Мақаланың мақсаты – Ақмола облысындағы демографиялық өзгерістерді сандық және кеңістіктік тұрғыдан бағалау негізінде Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру мен дамытудың демографиялық алғышарттарын анықтау. Зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2017-2024 жылдардағы ресми деректері және 2026 жылғы жедел статистикалық мәліметтер құрады. Зерттеу барысында салыстырмалы және динамикалық талдау, аумақтық салыстыру, орташа жылдық өзгеріс қарқынын (CAGR) есептеу, ең кіші квадраттар әдісіне негізделген сызықтық тренд және модельден тыс тексеру тәсілдері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде 2017-2024 жылдары Ақмола облы-сының жалпы халық саны 7,3%-ға, қалалық халық саны 27,8%-ға өскені, ал ауыл халқының саны 11,3%-ға азайғаны анықталды. Туу саны 18,6%-ға, табиғи өсім 39,7%-ға төмендеген. Демографиялық өсімнің негізінен Астанаға жақын орналасқан Қосшы-Целиноград бағытында шоғырлануы байқалады. Бұл үдеріс азық-түлік белдеуінің еңбек ресурстарының орналасуына, тұтыну нарығының сыйымдылығына және ауылдық аумақ-тардың өндірістік әлеуетіне тікелей ықпал етеді. Сызықтық тренд негізінде Ақмола облысының 2026 жылға болжанған халық саны 802,3 мың адамды құрады. Ресми деректегі 789,6 мың адамдық нақты көрсеткішпен салыстырғандағы абсолюттік салыстырмалы қате 1,6% болды. Алынған нәтижелер қалалық халықтың шоғырлануы мен ауыл халқы санының кемуі қатар жүріп жатқанын және бұл жағдайдың Астана қаласының азық-түлік белдеуін аумақтық жоспарлау кезінде ескерілуі қажеттігін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
[1] Олейник В. Д., Гладкий А. В. Этапы развития и формирования пригородных территорий // Псковский регио-нологический журнал. – 2016. – № 1(25).
[2] Mulya S. P., Putro H. P. H., Hudalah D. Review of peri-urban agriculture as a regional ecosystem service//Geography and Sustainability. – 2023. https://doi.org/10.1016/j.geosus.2023.06.001
[3] Olsson E. G. A., Kerselaers E., Søderkvist Kristensen L., Primdahl J., Rogge E., Wästfelt A. Peri-Urban Food Production and Its Relation to Urban Resilience//Sustainability. – 2016. – Vol. 8, No. 12. Article 1340. https://doi.org/10.3390/su8121340
[4] Оспанова Г. Ш., Мылкайдаров А. Т., Сансызбаева А. Б. Теоретические и методологические основы процесса формирования продовольственного пояса // Журнал географии и управления окружающей средой. – 2025. – Т. 78, № 3. – С. 99-108. https://doi.org/10.26577/JGEM20257837
[5] Задворнева Е. П. Развитие инфраструктуры пригородного агропродовольственного комплекса мегаполиса: на примере г. Астана, Республика Казахстан. Диссертация на соискание ученой степени кандидата экономических наук. – Омск, 2018. – 210 с. https://search.rsl.ru/ru/record/01009820610
[6] Президент Республики Казахстан. Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество». 1 сентября 2022 г. https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-181416.
[7] Оспанова Г. Ш., Сайпов А. А., Нурымова Р. Д. Транспортно-географическое положение территории продо-вольственного пояса города Нур-Султан // Инженерный журнал Satbayev University. – 2021. – Т. 143, № 6. – С. 44-52. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i6.06
[8] Правительство Республики Казахстан. Постановление № 645 от 13 октября 2017 г. «Дорожная карта по форми-рованию Астанинского продовольственного пояса на 2018–2021 годы». https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000645
[9] Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. Акмолинская область: демографическая статистика – динамические таблицы. https://stat.gov.kz/region/akmola/dynamic-tables/4482/
[10] Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. Акмолинская область: население по полу и отдельным возрастным группам – электронные таблицы. https://stat.gov.kz/ru/region/akmola/spreadsheets/?name=228670
[11] Zimmer A., Guido Z., Davies J. et al. Food systems and rural-urban linkages in African secondary cities//Urban Transformations. – 2022. Vol. 4, аrticle 13. https://doi.org/10.1186/s42854-022-00042-8
[12] Petrikova I., Otieno M. A., Were G. et al. Peri-urban agriculture and household food and nutrition security around Eldoret, Kenya//Food Security. – 2024. – Vol. 16. – P. 1235-1263. https://doi.org/10.1007/s12571-024-01475-8
[13] FAO, Rikolto and RUAF. Urban and peri-urban agriculture sourcebook: From production to food systems. Rome: FAO and Rikolto, 2022. https://doi.org/10.4060/cb9722en
[14] Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. Население по полу и типу населённого пункта на 1 января 2026 г. https://stat.gov.kz/industries/social-statistics/demography/publications/475751/
[15] Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. Изменение численности населения Акмолинской области на 1 июля 2026 г. 3 августа 2026 г. https://stat.gov.kz/api/iblock/element/region/509848/file/ru/
