КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ ИГОРЬ МИХАЙЛОВИЧ МАЛЬКОВСКИЙДІ ЕСКЕ АЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55764/jv3kxs56

Аңдатпа

2026 жылғы 7 қыркүйекте 91 жасқа қараған шағында көрнекті гидролог ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының (ҚазҰЖҒА) академигі, Халықаралық экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылымдары академиясының (ХЭАТҚҒА) академигі, ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты Игорь Михайлович Мальковский өмірден озды. Игорь Михайлович Мальковский 1936 жылғы 8 ақпанда Алматы (Алма-Ата) қаласында дүниеге келген. Кәсіби және ғылыми жолын 1962 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін «ҚазГипрозем» институтының Орталық кешенді экспедициясында инженер-гидротехник болып бастады. 1964 жылы «Гипропроект» институтының Қазақ филиалында инженер болып жұмыс істеді, 1965 жылы Энергетика институтының ғылыми қызметкері болды. 1982 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (С. М. Киров атындағы ҚазМУ) құрлық гидрологиясы кафедрасының доценті қызметін атқарды. 1986 жылы География және су қауіпсіздігі институтында жұмыс істей бастады. Игорь Михайловичтің ғылыми және ұйымдастырушылық әлеуеті дәл осы институтта толық ашылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Хроника

Категориялар