Жайық алабы өзендерінің көпжылдық мұздық режимінің өзгерісін бағалау

Main Article Content

Д. Д. Арыстамбекова
А. М. Сайлаубек

Аңдатпа

Климаттың өзгеруі жағдайында Жайық өзені алабының өзендеріндегі мұз құбылыс-тарының пайда болу және мұздан тазару мерзімдерінің көпжылдық өзгерісі қарастырылды. Көпжылдық мұздық режимді және метеорологиялық параметрлерді бағалау үшін екі кезең таңдалып алынды: бақылау жүргізілген уақыттан бастап 1973 жылға дейін және 1974-2019 жж. (1970 жылдардан кейінгі қарқынды климаттық жылынуға байланысты). Жайық өзені алабындағы мұз құбылыстарын ауа температурасымен салыстырмалы талдау нәтижесі ауа температурасының өсу тенденциясы айқын байқалғандығын көрсетті, осыған байланысты өзендерде мұз түзілімдерінің ұзақтығы мен пайда болу күні кеш мерзімге ығысып, мұздан тазару уақыты ерте аяқталғандығы байқалады. Статистикалық әдістерді пайдалана отырып, 1974-2019 жылғы кезең мен стационарлық-климаттық жағдай (бақылау басталғаннан 1973 жж. дейін) кезеңін салыстыра отырып, мұздық режимнің қарастырылып отырған сипаттамаларының өзгерісіне баға берілді.

Article Details

Бөлім
Статьи
##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

PhD, аға оқытушы

##submission.authorWithAffiliation##

Магистр, кіші ғылыми қызметкер