Қазақстанның шағын көлдерін батиметриялық картаға түсіру үшін ICESat-2 деректерін пайдалану мүмкіндігін бағалау
Main Article Content
Аңдатпа
Көлдердің батиметриясы су ресурстарын басқару мен гидрологиялық модельдеу саласында үлкен маңызға ие. Көлдерді батиметриялық картаға түсіру көбінесе борттық лидарлар, эхолоттар немесе сонарлар сияқты қымбат әдістерді қолдана отырып, жүзеге асырылды. ГАЖ дамуымен және қашықтықтан зондтау деректерінің пайда болуымен батиметриялық мәліметтерді алудың жаңа тәсілдері жасалды. Алайда, қашықтықтан зондтау деректері бойынша шағын көлдер үшін батиметриялық ақпарат алуға деген қызығушылықтың жоғары болуына қарамастан, үлкен аймақтар үшін және әртүрлі климаттық жағдайларда пайдалануға болатын сенімді әдістер әлі де жоқ.
Қашықтықтан зондтау деректері негізінде шағын көлдерді батиметриялық картаға түсірудің әртүрлі әдістері қарастырылады. Қазақстанның үш көлі бойынша батиметриялық ақпарат алу үшін, ICESat-2 жаңа спутнигінен деректері (мұз жамылғысы, бұлт жамылғысы және теңіз деңгейінен биіктікті бақылауға арнал-ған спутник Ice, Cloud, and land Elevation Satellite-2) пайдаланылды. Көл батиметриясын алу үшін ICESat-2 бағалауда деректер сапасыны растау, далалық өлшеулерді пайдалана отырып жасалды.