ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ИГЕРУ ЖЕРЛЕРІНІҢ ДЕГРАДАЦИЯЛАНУЫН БАҒАЛАУ
Main Article Content
Аңдатпа
«ҚР БҒМ География және су қауіпсіздігі институты» АҚ-ың ландшафттану және табиғатты пайдалану мәселелері лабораториясында AP05132212 гранттық қаржыландыру шеңберінде өткізілген Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы жерлерінің деградациялануын зерттеудің нәтижелері көрсетілген. Далалық зерттеулер, мониторингтік бақылаулар және ЖҚЗ деректері негізінде ауыл шаруашылығы алқаптарының қазіргі заманғы экологиялық ахуалына баға берілді және олардың деградациялану деңгейі белгіленді. Ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін бағалаудың картографиялық үлгілері көрсетілді, олардың деградациялануын болдыртпау және алдын алу бойынша табиғатты қорғау іс-шаралары ұсынылды.
Түйін сөздер: жердің деградациялануы, ауыл шаруашылығын игеру жерлері, жер ресурстары, картографиялық үлгілер, табиғатты қорғау іс-шаралары.