Арал теңізі эволюциясының шежіресі
Main Article Content
Аңдатпа
Бұл зерттеу Оңтүстік (Үлкен) Арал теңізі су айдынының қазақстандық бөлігі түбінде табылған археологиялық артефактілер мен ежелгі құрылыстардың (қоныстардың) іздері мен ежелгі жағалаулар мен палеоарна учаскелерінде түсірілген Арал теңізі эволюциясының ақпараттық шежіресінің үзіндісі болып табылады. Су циклінің ауытқуы, оның ішінде Амудария мен Сырдария өзендерінің меандрлануы аридтік аймақтың оазистік учаскелерінде бірегей қоныстану мәдениетінің пайда болуының маңызды алғышарты болғандығы көрсетілген.
Аралдың эволюциясындағы регрессивті кезеңдері трансгрессивті процестерге қарағанда ұзағырақ болғанын палеоарна талдауы анықтады. Трансгрессивті-регрессивті процестердің барлық кезеңінде Сырдария өзені арнасы едәуір өзгеруімен азды-көпті тұрақты ағынға ие болды, бірақ ағыны әрдайым Арал теңізіне бағытталған, ал Амудария арнасы түбегейлі өзгерісте болған.
Зерттелген мәліметтер көптеген зерттеушілер үшін ең құнды дереккөз болып табылады, сонымен қатар Арал теңізі эволюциясының ауқымды процестерін түсінудің шарты болып табылады.