Батыс Қазақстан облысын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының ресурстарын пайдаланудың қауіпсіздігін, жай-күйі мен перспективаларын бағалау
Main Article Content
Аңдатпа
Ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттырудың бүгінгі жаһандық стратегиясы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барынша пайдалануға баса назар аударумен айқындалады. Көп жағдайда жер асты суларының болуы, көлемі және сапасы туралы ақпарат белгілі бір аумақты дамытудың тиімділігі туралы шешім қабылдауда, сондай-ақ физикалық ортаны және экономикалық қызметті қолдау үшін қажетті объектілерді жақсарту және кеңейтуде шешуші рөл атқарады. Сондықтан аймақтың гидрогеологиялық жағдайын зерттеудің шешуші факторы жер асты суларының таралуын, олардың ресурстарының шамасын, сапасы мен түзілу ерекшеліктерін білу болып табылады.
Халықты тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан өңіріндегі жер асты суларының ресурстық әлеуетіне баға берілді. Тұщы жер асты суларының сипаттамаларын бағалау кезінде гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, геоақпараттық-аналитикалық, статистикалық және зертханалық зерттеу әдістері (соның ішінде хроматографиялық, спектрофотометриялық, атомдық сіңіру және т.б.) пайдаланылды. Тұщы жер асты суларының ресурстық әлеуетін және оларды қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін пайдалану перспективаларын бағалау жер асты суларымен қамтамасыз етілуі жоғары, орташа және нашар аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді және бұл, өз кезегінде, Батыс Қазақстан өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау қажеттіліктерін қамтамасыз етудің жаңа көздерін табу.