Әртүрлі синоптикалық жағдайларда Алматы қаласының ауасының ластануы
Main Article Content
Аңдатпа
Мақалада Алматы қаласы ауа бассейнінің ластануының метеорологиялық элементтер мен синоптикалық жағдайларға тәуелділігі зерттелген. Зерттеу барысында метеорологиялық сипаттамаларға және қаланың атмосфералық ауасының ластану параметрлеріне талдау жүргізілді. Атмосфераның ластану деңгейін бағалау критерийі рұқсат етілген шекті концентрация (ШРК) болып табылады. Жалпы қала бойынша атмосфералық ауаның ластануын сипаттау интегралдық көрсеткіші «Р» параметрін (автоматты) қолдану арқылы жүзеге асырылды. Жұмыста қоршаған ортаның жай-күйін бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметке жататын атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау деректері зерттеледі. Сондай-ақ жұмыс барысында метеорологиялық параметрлердің мұрағаттық деректері, атмосфералық радиозондылық мәліметтер, 2018-2022 жылдар аралығындағы Алматы қаласының жер бетіндегі ауа райы карталары зерттелді.