АЗ СУЛЫ КЕЗЕҢ ЦИКЛІ ЖАҒДАЙЫНДА ДАҚЫЛДАРДЫ СУАРУ ҮШІН КОЛЛЕКТОРЛЫҚ-ДРЕНАЖДЫ СУЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Main Article Content
Аңдатпа
Мақалада Түркістан облысы суармалы жерлерінің мелиоративтік жағдайы туралы және аз сулы кезең циклі жағдайында дақылдарды суару үшін коллекторлық-дренажды суларды пайдаланудың экологиялық аспектілері бойынша зерттеу мәліметтері қарастырылған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ирригациялық жүйелерінің трансшекаралық өзендер ағысымен сумен қамтамасыздану тәуелділігі артты. Көршілес елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуының артуына орай, трансшекаралық ағындардың азаю тенденциясы байқалуда. Гидрологиялық болжамдарға сәйкес 2030 жылдары трансшекаралық өзендер ағыны 40% дейін қысқаруы мүмкін. Зерттеу объектісі болып табылатын Түркістан облысында, суармалы жерлер трансшекаралық өзендер бассейнінде орналасқан, қазіргі таңда іске қосылып тұрған ирригациялық жүйелердің сумен қамтамасыздануы көрсеткіші 75-90% шегінде ауытқыса, ал аз сулы жылдарда 50-60% ға дейін төмендейді. Үлкен көлемде түзілетін коллекторлық-дренаждық және сарқынды сулар, өзен бассейндерінің шегіне тасталынып, су көздерін және олардың төңірегіндегі территориялардың қоршаған ортасын ластайды. Орта Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да қарқынды суармалы егіншілікті жасанды суарусыз жасау мүмкін емес. Зерттеу мәліметтерін талдай келе ауылшаруашылық дақылдарын суаруға және топырақты шаюға тікелей өзен сулары пайдаланылады, ал ол қазірдің өзінде аздығы сезіледі. Сондықтан да, жаңа су көздерін табу және пайдалану туралы мәселе, барған сайын өэекті болуда, мәселенің шешімі қосымша балама су көздерін табуға тіреледі. Мұндай үлкен көлемдегі су көздері ретінде пайдаланылмаған әлсіз минералданған жер асты сулары және суғару алқаптарынан шығатын коллекторлық-дренажды сулар болып табылады.
Article Details
##submission.citations##
Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялықмелиоративтік экспедициясы республикалық мемлекеттік мекемесінің суармалы жерлердің ақпараттық есебі. – Шымкент, 2021. – 26 б.
Калашников А. А., Мусекенов М.М. Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайында егін суару ресурстарын үнемдеу // Жаршы.– 2003.– № 11. – Б. 31–36.
Гаврилов М. Б. К вопросу оценки гидрогеолого-мелиоративных условий песчаных массивов Южного Казахстана для целей оазисного орошения // Проблемы гидрогеологии, инженерной геологии и геоэкологии: Тр. Междунар. науч.-практ. конф. – Алматы, – 2002. – С. 225–227.
Атақұлов Т. А. Рациональное использование земельных и водных ресурсов Восточного и Южно-Восточного Казахстана при орошении. – Алматы, 1995. – 6 б.
Мальковский И. М., Сорокина Т. С., Толеубаева Л. С. Принципы разрешения конфликтных ситуаций в использовании ресурсов речного стока (на примере бассейна Сырдарьи) // Географическая наука в Казахстане: Результаты и пути развития.– Алматы, 2001. – С. 151–161.
Найденов В. И., Швейкина В. И. Нелинейные модели колебания речного стока // Вод. ресурсы. – 2002. – Т. 29, № 1. – С. 62–68.
Жанбеков Х. Н. Радиоэкологическое состояние речного бассейна р. Сырдарьи // Докл. НАН РК. – 2003. – № 6. – С. 113–119.
Дуанбекова А. Е., Султанбекова П. С., Бектасов Б., Эсанбеков М. Ю, Саркынов Е. С. Альтернативные источники оросительной воды как резерв повышения водообеспеченности орошаемых земель в условиях маловодья на юге Казахстана // Научнo-практический журнал Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана. – 2023. – № 4.
Мұстафаев Ж. С., Рявцев А. Д., Сағаев Ә. Ә., Қозыкеева Ә. Т., Қалманова Г. Қ. Суландыру жүйесін пайдалану. –Тараз, 2007. –321 бет.
Михайлов В. Н., Гуров Ф. Н. О причинах падения уровня Аральского моря // Вестн.Моск. ун-та. Сер. геогр.– 2000.– № 4.– С.7–12.
Elshemy M. Review of Technologies and Practices for Improving Agricultural Drainage Water Quality in Egypt// Handbook of Environmental Chemistry. –2017.- p. 1–26. https://doi.org/10.1007/698_2017_78
Гребенюков П. Г. К вопросу взаимодействия поверхностных и грунтовых вод в пористой среде ( на примере одного из районов Казахстана) // Вод. ресурсы. – 2001. – Т. 28, № 1. – С. 26–33.
Левин С. В. Гидрогеология и водные ресурсы // Проблемы гидрогеологии, инженерной геологии и геоэкологии: Труды Междунар. науч.-практ. конф. – Алматы, 2002. – С. 207–208.
Анзельм К. А., Эсанбеков М. Ю. Использование коллекторно-дренажных вод на орошаемых землях Южного Казахстана как резерв повышения водообеспеченности// Водное хозяйство Казахстана – 2019. –№1.
Сейтқазиев Ə. С., Сейтқасымов Д. Ə. Жер асты суларының орналасу деңгейіне байланысты мелиоративтік шаралардың тиімділігін негіздеу // Наука и образование Южного Казахстана. – 2002. – № 30. – С. 210–213.
Water pollution from agriculture: a global review. Javier Mateo–Sagasta (IWMI) // Sara Marjani Zadeh (FAO) and Hugh Turral with contributions from Jacob Burke (formerly FAO) Published by the Food and Agriculture Organization of the United Nations. – Rome. – FAO and IWMI, 2017. – 35 p.http://www.fao.org/3/a–i7754e.pdf
Tokbergenova A. A., Zulpykharov K. B., Kaliyeva D. M., Essanbekov M.Y. Assessment of the Current Soil–Reclamation State of the Soils of Myrzashol in the Kazakhstan Part (The Hungry Steppe)// Polish Journal of Environmental Studies 32. 2022. https://doi.org/10.15244/pjoes/155087