ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР ГЕОГРАФИЯСЫ

Main Article Content

Қуаныш Келгенбаев
Шерипжан Надыров
Дженнифер Робинсон
Стивен Янг
Орденбек Мазбаев

Аңдатпа

Мақала геосаяси индикаторлар жүйесін қолдану арқылы халықаралық қақтығыстар географиясын талдаудың әдістемесін және оның қолданбалы аспектілерін әзірлеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі өңірлік және өңіраралық қақтығыстар санының артуымен, сондай-ақ олардың кеңістіктік құрылымының күрделенуімен және эскалация үдерістеріне ықпал ететін факторлардың көпқырлылығымен айқындалады. Зерттеу аясында халықаралық геосаяси қақтығыстарды типологиялаудың кешенді тәсілі ұсынылады. Бұл тәсіл хорологиялық (кеңістіктік-уақыттық), себептік және саяси-басқарушылық компоненттерді қамтитын үшфакторлы аналитикалық матрицаға негізделген. Ұсынылған әдістеменің негізгі элементі қақтығыстардың қалыптасу негізінде жатқан себеп-салдарлық байланыстарды, географиялық орналасу ерекшеліктерін, саяси инфрақұрылымды, сондай-ақ экономикалық және этномәдени алғышарттарды ескере отырып айқындау болып табылады. Авторлар геосаяси индикаторлар жүйесін әлеуетті шиеленіс ошақтарын ерте анықтау және упреждаушы әрекет ету құралы ретінде қолдану тұжырымдамасын әзірледі. Зерттеу әдіснамасы қақтығыстарды талдаудың заманауи ғылыми тәсілдерін жалпылауға, сондай-ақ кеңістіктік модельдеу әдістерін геосаяси диагностикамен ықпалдастыруға негізделген. Зерттеудің практикалық маңызы әзірленген жүйені жекелеген аумақтардың қақтығысқа бейімділік әлеуетін бағалау, қақтығыстардың даму динамикасын болжау және тиімді саяси-басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Саяси үдерістер мен географиялық контекст арасындағы анықталған өзара байланыс халықаралық қақтығыстардың геокеңістіктік табиғатын кешенді талдаудың қажеттілігін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері сыртқы саяси жоспарлау, халықаралық қауіпсіздікті мониторингтеу, сондай-ақ білім беру және ғылыми-талдамалық қызмет аясында пайдаланылуы мүмкін.            

Article Details

Бөлім
Экономическая география
##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

PhD докторант (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан; kushaayaguz@gmail.com)

##submission.authorWithAffiliation##

Г. ғ. д, профессор (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан; scharipjan@mail.ru)

##submission.authorWithAffiliation##

Профессор (Сейлем мемлекеттік университеті, Сейлем, Массачусетс, АҚШ; jrobinson2@salemstate.edu)

##submission.authorWithAffiliation##

Профессор (Сейлем мемлекеттік университеті, Сейлем, Массачусетс, АҚШ; syoung@salemstate.edu)

##submission.authorWithAffiliation##

Г. ғ. д, профессор (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан; ordenbek@mail.ru)

##submission.citations##

Flint, C., Taylor, P. Political Geography: World-Economy, Nation-State and Locality (Updated Edition). Routledge, 2023.

Toal, G. Near Abroad: Putin, the West and the Contest over Ukraine. Oxford University Press, 2021.

Hegre, H., et al. Forecasting Armed Conflict: A Review of Current Methods and Future Directions. Journal of Peace Research, Vol. 58(4), 2021.

Тейзен О. М. и др. Климат, конфликты и насилие: достижения в теории, методах и приложениях // Журнал исследований проблем мира. – 2022.

Salehyan, I., et al. Networks and Geography of Conflict. Annual Review of Political Science, 2021.

Zehfuss, M. Security, Risk and the Geopolitics of International Conflict // Security Dialogue, 2022.

Brattberg, E. & Puhl, M. Russia’s Influence and Geopolitical Tensions in Europe and Central Asia. Carnegie Endowment, 2024.

Kaya, S., Çelik, A. B. Geopolitical Indicators and Conflict Risk Assessment Models. GeoJournal, 2023.

Аксенов К. Э. Сущностный характер политической географии // Известия РГО. – 1992. – Выпуск 4. – С. 331–337.

Özçelik, M. & Demir, C. Spatial Analytics in Geopolitical Conflict Studies: Methods and Applications // Journal of Geographical Systems. 2021.

Kazakhstan Institute of Strategic Studies Reports (2020–2025) — International Security and Regional Stability Analyses. Astana, 2021–2025.

UN Peackeeping (2023) Global Peace and Conflict Report 2023, United Nations Publications.

World Bank Conflict and Development: Mapping Evidence, Gaps and Directions, World Bank Group, 2022.

International Crisis Group CrisisWatch Calendar 2020–2025, Monthly Briefings.

Здравомыслов А. Г. Социология конфликта. Исследование конфликта на макроуровне. Теоретические предпосылки. – Н. Новгород: Волго-Вятский кадровый центр, 1994. – С. 42–46, 102–106.

Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. – М.: Добросвет, 1998. – С. 54–56.

Соловьев Э. Г. Геополитический анализ международных проблем современности: Pro et Contra // Полис. – 2001. – № 6. – С. 118.