Level of urbanization of the North Kazakhstan Region by the degree of urbanization approach)
Main Article Content
Аңдатпа
Осы мақала шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (OECD), БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) статистикалық офисі деңгейінде қалаларды дамыту индикаторларының салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін ұсынылған Degree of Urbanisation әдіснамасын пайдалана отырып, Солтүстік Қазақстан облысының урбандалу деңгейін айқындау нәтижелері келтіріледі. Зерттеу нәтижелері Облыстың 5 қаласының 4-уі урбандалу орталықтарын құрмайтындығын, оларды функционалдық қалалық аумаққа жатқызу қиын екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік жоспарлау жүйесінде урбандалудың "басқарылуын" қамтамасыз ету бөлігінде урбандалудың ағымдағы деңгейін бағалау кезіндегідей Елеулі бұрмалауларға жол берілгенін, ал нысаналы көрсеткіштерге қағидатты түрде қол жеткізілмейтіндігін көрсетеді. Жұмыс негізінде Солтүстік Қазақстан облысының 4 қаласының мәртебесін өзгерту, әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамаға және аумақтық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға түзетулер енгізу қажеттігі негізделген.