ТАРИХИ КАРТАЛАРДАҒЫ АРАЛ ТЕҢІЗІ АКВАТОРИЯСЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

Main Article Content

Шахислам Лайсханов
Күләш Каймулдинова
Думан Алиаскаров

Аңдатпа

Арал теңізінің экологиялық мәселесінің ғаламдық сипат алуы соңғы онжылдықтарда көптеген зерттеушілердің назарына ілініп, акваториясының өзгеру динамикасын және оның қоршаған ортаға әсерін зерттеу жұмыстары көбейді. Әдетте зерттеушілер Арал теңізі акваториясының динамикалық өзгерісін талдағанда, оның соңғы жарты ғасырдағы өзгерістерін негізге алады. Ал оның карта бетінде пайда болғаннан бастап, экологиялық апат аймағына айналғанға дейінгі уақыт аралықтағы акваториясындағы сандық өзгерістер туралы мәліметтер аз. Сондықтан, тарихи карталардың көмегімен әртүрлі жылдардағы Арал теңізінің акваториясының ауданын есептеуді және оның Арал экологиялық апаты орын алғанға дейінгі көпжылдық динамикасын жасауды зерттеу мақсаты етіп қойдық. Ол үшін алдымен халықаралық іздестіру жүйелері мен электрондық ресурс көздері арқылы табылған ғылыми еңбектерге және тарихи карталарға негізделе отырып, Арал теңізі акваториясы туралы алғашқы деректердің пайда болуына және даму тарихына шолу жасалды. Келесі кезеңде ArсGIS 10.4.1 ГАЖ бағдарламасында тарихи карталарды кеңістіктік байлау арқылы олардағы Арал теңізінің акваториясының ауданы есептелді. Осы сандық мәліметтер негізінде  1716-1967 жылдар аралығындағы динамикасы жасалды. Арал теңізінің әлем картографиясында өз атауымен пайда болған кезеңде оның ауданы кіші болғандығы (10 320 км2) 1716 жылғы карта бойынша анықталды. Ал бұл көрсеткіш 1742 жылы 20 538 км2-ге,  1827 жылғы 48 680 км2-ге өзгерген. Теңіз өзінің максимум деңгейіне 1848-1849 жылдары (71 009 км2 ) жеткенін, 1907 жылға қарай біршама кішірейіп (63691 км2), ал 1967 жылға қарай қайта біршама ұлғайғаны (66 836 км2) анықталды. Дегенмен, Арал теңізі туралы терең зерттеулер жасалған 1848-1849 жылдарға дейін Арал туралы ғылыми ақпараттардың аз болуы және картографиялау әдіс-тәсілдерінің жеткілікті дамымауы салдарынан біз қолданған карталарда бұрмаланудың көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз.

Article Details

Бөлім
Гидрология және су шаруашылығы
##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

PhD, қауымдастырылған профессор (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан, laiskhanov@gmail.com)

##submission.authorWithAffiliation##

Г.ғ.д., профессор (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

Алматы, Қазақстан, kulash_kaymuldin@mail.ru)

##submission.authorWithAffiliation##

PhD, аға оқытушы (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан, duman_06@mail.ru)

##submission.citations##

Zonn I. S., Glantz M., Kosarev A. N., Kostianoy A. G. The Aral Sea Encyclopedia. – Springer Science & Business Media, 2009. https://doi.org/10.1007/978-3-540-85088-5

Micklin P. The past, present, and future Aral Sea // Lakes & Reservoirs: Research & Management. – 2010. – V. 15. – №. 3. – P. 193–213.

Бейсенова Ә. С. Қазақстанның физикалық географиясы: оқулық – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2013, 328 б.

Ashirbekov U. A., Zonn I. S. Aral: The History of Dying Sea. – Dushanbe. – 2003. – 86 p.

Берг Л. С. Аральское море. – 1908. URL: https://www.openrepository.ru/article?id=223836 (дата обращения: 31.03.2024).

Ремезов С. У. Чертёжная книга Сибири. – Тобольск, 1701. – 48 с.

Книжные памятники. Топ 100. Карта Аральского моря, составленная с описей капитан-лейтенанта А. И. Бутакова. – 1850. URL: https://nlr.ru/nlr_visit/RA6290/karta-aralskogo-morya (дата обращения: 31.03.2024).

Shnitkov A. V. Destin of the big lakes of Central Asia and Western Siberia // Rep. On annual Readings of memory of L.S.Berg. – L.: Hydrometeoedit, 1976. – P. 48–53.

Breckle S. W., Geldyeva G. V. Dynamics of the Aral Sea in geological and historical times //Aralkum-a Man-Made Desert: The Desiccated Floor of the Aral Sea (Central Asia). – 2012. – Р. 13–35.

Сорокин Д. А. Remote Sensing based Dynamics of the Aral Sea Water Area. URL: https://arcreview.esri-cis.ru/2015/08/09/dynamics-of-the-aral-sea-water-area/ (дата обращения: 31.03.2024).

ЮНЕСКО-ның Ташкент Бюросы Aral Sea and the Aral Region. Tashkent: Baktria Press. – 2017 URL: https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000374223 (дата обращения: 31.03.2024).

Benduhn F., Renard P. A dynamic model of the Aral Sea water and salt balance //Journal of Marine Systems. – 2004. – V. 47, № 1–4. – P. 35–50.

Wang X., Cui B., Chen Y., Feng T., Li Z., Fang G. Dynamic changes in water resources and comprehensive assessment of water resource utilization efficiency in the Aral Sea basin, Central Asia //Journal of Environmental Management. – 2024. – Т. 353. – Р. 120198.

Aladin N. V., Potts W. T. W. Changes in the Aral Sea ecosystems during the period 1960–1990 //Hydrobiologia. – 1992. – V. 237. – Р. 67–79.

Маджидов О. Ш. Куда впадала река Амударья: палеогеографическое исследование //Центрально-азиатский журнал географических исследований. – 2021. – Т. 3. – С. 45–54.

Mamedov E. D., Trofimov G. N. Hydrological phase of Dasht and climate chronology of holocene of Central Asia // Uzb. geol. mag. – 1992. – Nо 1. – P. 54–57.

База данных по Аральскому морю // Основные морфометрические характеристики Аральского моря (отметка уровня воды, площадь зеркала, объем) [Электрон. ресурс] URL: http://cawater-info.net/aral/data/index.htm (дата обращения: 27.04.2024).

Balletti C. Analytical and quantitative methods for the analysis of the geometrical content of historical cartography // International Archives of Photogrammetry and Remote Sensing. – 2000. – Vol. XXXIII, – part B5. – P. 30–35.

Affek A. Georeferencing of historical maps using GIS, as exemplified by the Austrian military surveys of Galicia // Geographia Polonica. – 2013. – Vol. 86(4). – P. 375–390. https://doi.org/10.7163/gpol.2013.30

Lafreniere D., Rivet D. Rescaling the past through mosaic historical cartography // Journal of Maps. - 2010. – Vol. 6(1). – P. 417–422. https://doi.org/10.4113/jom.2010.1120

Bitelli G., Cremonini S., Gatta G. Cartographic heritage: Toward unconventional methods for quantitative analysis of pre-geodetic maps // Journal of Cultural Heritage. - 2014. – Vol.15(2). – P. 183–195. https://doi.org/10.1016/j.culher.2013.04.003

George M., Grethe R., Zacharias N. Depicting the past: The value of old maps and topographic diagrams in cultural heritage through GIS // Journal of Archaeological Science: Reports. – 2023. – Vol. 52. – P.104276. https://doi.org/10.1016/j.jasrep.2023.104276.

Baeten J., Lave R. Retracing Rivers and drawing swamps: Using a drawing tablet to reconstruct an historical hydroscape from army corps survey maps // Historical Methods: A Journal of Quantitative and Interdisciplinary History. – 2020. – Vol. 53 (3). – P. 182–198. https://doi.org/10.1080/01615440.2020.1748151

Гидрометеорология и гидрохимия морей СССР. Проект «Моря СССР». Т. VII: Аральское море / Под ред. В.Н. Бортника, С.П. Чистяевой. – Л.: Гидрометеоиздат, 1990. – 196 с.